Биыл қыркүйекте ер адам ашықтан ашық тонауға ұшыраған. Үш жас оған дене жарақатын салып, құжаттары, ұялы телефоны және ақшасы салынған барсеткасын тартып алып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Күдіктілерді ізін суытпай ұстау мүмкін болмағанына қарамастан, жедел уәкілдер олардың жеке басын анықтау жұмыстарын жалғастырды.
"Қараша айының басында полицейлер тонау фактісінің барлық үш қатысушысын анықтады. Олар колледждерде оқитын Зеренді ауданы ауылдарының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта тонау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Талдықорғанда полицейлер заманауи технология көмегімен жоғалған алтын білезікті тапқаны хабарланған.