Қостанай облысында автокөліктен қару мен жануардың бес ұшасы табылды

Сурет: polisia.kz
Меңдіқара ауданында полиция қызметкерлері Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тінту барысында 12-калибрлі МР-155 тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы және бөлшектелген бес жануардың ұшасы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жануарлардың түрі әзірге анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, олар жабайы қабандар болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша заңсыз аңшылық дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Мылтық, жануарлардың ұшалары мен автокөлік тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі аумағында полицейлер екі автокөлікті тоқтатып, олардың ішінен киіктерге тиесілі болуы мүмкін 23 жануардың ұшасы, 21 бас және 46 мүйіз табылғаны хабарланған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды