Президенттің Іс басқармасында қазақы тазыны сақтау мәселесіне қатысты жиын өтті

Сурет: senate.parlam.kz
Мемлекет басшысы ҚР Президентінің Іс басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды. Осыған орай ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жұмысқа тартылған және мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өтті. Басқосуда қазір тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейтіні айтылды. Жұмыс жүйелі жүргізілмеген.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Президенттің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының, сондай-ақ «Қансонар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында таза қанды тазы мен төбеттің генофондын ғылыми зерттеуді нысаналықаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастыруға тиіс. Сондай-ақ тұқымды сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормалар пакетін әзірлеуі керек.ҚР Президентінің Іс басқармасы

Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан елі ретінде Қазақстанды көрсету де мәселе болып отыр. Президент нұсқауы бойынша бұл жұмысқа – ҚР Сыртқы істер министрлігі, ал жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуге тиіс.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды