Қарағанды облысында ірі бизнесті тексеру қорытындысы бойынша 47 миллиард теңге бюджетке қайтарылады

Сурет: Zakon.kz
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес – Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің басым міндеттерінің бірі. Биылғы жылдың 9 айында бюджетке тек ірі бизнесті тексеру нәтижесінде 47 миллиард теңге қайтарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКД 2022 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады. Алқа жұмысына өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты.

Мемлекеттік бюджетке берешектің едәуір көлемі ірі салық төлеушілерді тексеру кезінде тіркелді. Кәсіпкерлерге 47 миллиард теңге қосымша есептелді. Осы сомадан нақты түсім шамамен 10 миллиард теңгені құрады. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Есепті кезеңде Департамент қызметкерлері айналымнан 32 мың литрден астам алкоголь өнімін және 7 мыңға жуық темекі өнімін алып үлгерді. Лицензияның жоқтығына байланысты 14 әкімшілік хаттама жасалды, темекі өнімдерін сатушыларға 460 мың теңгеге айыппұл салынды.

9 ай ішінде бюджеттің атқарылуы 100%-дан асты. «Қазақмыс» компаниялар тобы жаңа Ұлытау облысына қайта тіркегеніне қарамастан, барлық көрсеткіштер орындалды, – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әнуар Мәдиев. – Сондай-ақ, біз жұртшылыққа салық салудың проблемалық мәселелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жиі қойылатын ең өзекті сұрақтарды дайындадық, брошюра шығарылды. Жадынама барлық мемлекеттік кіріс органдарында бар, оған 50-ден астам сұрақ енгізілген. Сонымен қатар, мектептердің 9–11 сынып оқушылары үшін «Салықтар дегеніміз не?» деген тақырыпта лекциялар әзірлеп, салықтың не үшін төленетінін түсіндіреміз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде