Әділет министрлігі: Елбасының мәртебесін жою туралы заң жобасы бізге әлі түскен жоқ

Сурет: elbasy.kz
Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңның жойылуына байланысты жұмыс қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет министрлігінің басшысы бірінші президенттің ерекше мәртебесіне қатысты барлық сілтемелер Конституциядан алынып тасталғанын еске салды.

«Соған сәйкес, отандық заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде». Қанат Мусин

Бұл ретте министр заңның қай уақытта тоқтатылатынын нақты айтпады.

"Заң, әрине, Конституцияға сәйкестендіріледі. "Тұңғыш Президент туралы" заң - күшін жоғалтты деп тану туралы шешім қабылданады.Жұмыс жүйелі жүргізілуде, әзірге мерзімдер жоқ, бірақ заң шығару бастамасы тек үкіметке ғана емес, ол президент пен Парламент депутаттарына да тиесілі». Қанат Мусин

Шешім депутаттардың бастамасымен де қабылдануы мүмкін екенін түсіндірді. Бірақ әзірге мұндай заң жобасы Әділет министрлігіне Парламенттен түскен жоқ, келіп түскен соң пысықталатын болады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров парламент қабырғасында түзетулер аясында заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру үдерісі жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, осыған байланысты «Елбасы туралы» заң жыл соңына дейін тоқтатылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды