Ольга Рыпакова президент сайлауында дауыс берді

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан президентінің кандидатурасына дауыс беру кезінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін - қазақстандықтар үшін өте маңызды күн. Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, біз міндетті түрде азаматтық белсенділігімізді көрсетіп, еліміздің тыныштығы, тұрақтылығы мен гүлденуі үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек".Ольга Рыпакова

Сонымен қатар спортшы биылғы сайлау оның отбасы үшін ерекше оқиға екенін айтты. Себебі спортшының 18 жастағы қызы Анастасия алғаш рет азаматтық құқығын пайдалана алады.

Бойжеткен қазір Түркияда, оқу-жаттығу жиынында және сол елде дауыс береді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады