Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын еске салды.
"Құжат сатып алынатын жұмыстардың, тауарлардың және қызметтердің сапасын арттыруға, процесті жеңілдетуге және сатып алу рәсімдеріне икемділік беруге және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Заң жобасын биылғы жылдың күзінде Парламентке енгізу жоспарлануда". Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, электронды мемлекеттік аудитті кеңейту жұмыстары жалғасуда.
"Тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр. Оған 68 жаңа тәуекел индикаторы енгізіліп, квазимемлекеттік сектордың 8 мың субъектісі бойынша ақпарат алынды. Бюджеттік мониторингтің онлайн жобасы жүзеге асырылуда, онда мемлекеттік шығыстарды жоспарлауды тексеру жүргізіледі. тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы автоматтандырылады, бұл бюджетті жоспарлау деңгейінде кабинеттік бақылауды енгізуге мүмкіндік береді. Ерұлан Жамаубаев
Бұған дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыздың шамадан тыс өсуін қалай ұстау керектігін анықтаған болатын. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен қысқарту қажет.