AMANAT партиясы Мәжіліс сайлауы алдында мәлімдеме жасады

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияластары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілісті тарату және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыларға қол қойғанын толық қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партияластарымен бас қосу барысында Ерлан Жақанұлы мемлекет басшысының мәлімдемесін партияластарымен мұқият талқылап, шешім шығарғандарын алға тартты. 

Қоғам үшін де, партия үшін де күтпеген жағдай емес. Президент өткен жылдың қыркүйек айында сайлау күнтізбесін алдын ала айтқан болатын. Бұл елдегі Конституциялық реформалардың заңды жалғасы, сондықтан AMANAT партиясы Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдайтынын мәлімдейді. Бұл сайлау азаматтардың әділдікке деген сенімін бекемдейді. Бұл сайлау саяси экономикалық монополияның тамырына балта шабады. Бұл сайлау жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастыруға мұрындық болады. Ең бастысы қоғамда түрлі саяси күштермен сайлаушылар да осы саяси науқанмен жүгі мен жауапкершілігін толық сезінуі керек. Ерлан Қошанов

Төрағаның сөзінше мемлекеттің болашағы мен тұрақты дамуы үшін халқымыздың бейбіт өмірі мен бақуатты тұрмысы үшін тек президент емес, жалпы барлығы жауапты. Сондықтан AMANAT партиясы алдағы сайлауға тас түйін дайын екенің жеткізді. 


Партия аз уақыт алдында трансформациядан өтті. Қатарымызға мыңдаған жаңа толқын жастар қосылды. Партияның 4 мың бастауыш ұйымы миллионға жуық мүшесі үздіксіз тынымсыз жұмыс істеуде. Олар өткен жылғы референдумда, президент сайлауында зор белсенділік танытты. Үлкен саяси тәжірибе жинап әбден шыңдалды. Ең бастысы біз жалаң ұран, құрғақ уәде емес, нақты істермен айналыстық. Оған халық куә. AMANAT партиясының төрағасы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: