Таразда кино орталығының директоры өз көлігін өртеуге тапсырыс берген

Сурет: ҚР ІІМ
Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.

Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан. Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан, деп жазады КТК телеарнасы. 

Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті.

Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.

"Қанатовқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнем ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін, Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты." Алмаз Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді