Ұлыбританияда миллиондаған науқасқа операция жасалмай жатыр

Сурет: pixabay
Ұлыбританияда миллиондаған науқасқа операция жасалмай жатыр. Өйткені денсаулық сақтау саласы бұрын соңды болмаған дағдарысты бастан кешуде. Билік пен медицина қызметкерлері арасындағы келіссөздер нәтиже бермей келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбританиядағы дәрігерлер бұған дейін де талай мәрте наразылыққа шыққан. Нәтиже болмаған соң медбикелер мен жедел-жәрдем қызметіндегілер бірігіп, бас көтеруге мәжбүр, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл 75 жылдық тарихы бар Ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегі ең ірі ереуіл. Қымбатшылықтан қажыған мыңдаған адам жалақыны көтеруді талап етіп жатыр.

"Біз дегенімізге жетпейінше, көшеге шыға береміз. Үкімет салада ақша жоқ деп айтудың орнына жалақы мәселесін талқылап, шешуі керек." Итан Вон, медбике

Ал билік өкілдері жалақы өссе, сәйкесінше баға да көтерілетінін айтады. Денсаулық сақтау министрі 1 мың фунт, яғни 580 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлеммен көмектескісі келіп еді, қазынашылық бұл бастаманы бұғаттап тастады.

"Біз инфляция деңгейін төмендетіп жатырмыз. Нәтижеге қол жеткізгенде ғана жалақыны көтерудің қажеттілігі болмай қалады. Сәл шыдай тұру керек." Стив Барклай, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі

Британ ұлттық денсаулық сақтау қызметі бұған дейін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тегін медициналық көмек көрсетіп келді. Бірақ қазір қауқарсыз. Ең қиыны, кезегін күтіп жүрген кейбір науқстар бақилық болып жатыр.

Ұлыбритания
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі