Елордаға келгендерді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи қарсы алды.
Сурет: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 88 адамның мәйітін шығарып, 7 жараны алып шықты.
6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Түркияның аймақтарына алғашқылардың бірі болып қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жетті. 15 ақпанда Сирияға Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ келді.
Сурет: ҚР ТЖМ
Қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны 18 ақпан күні кешке Алматыға оралды.