Бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келеді

Сурет: gov.uk
Бүгін, 18 наурызда Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Парламенттің құрметті мүшесі Джеймс Клеверли Астанаға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің мәліметінше, Джеймс Клеверли  ҚР СІМ басшысы Мұқтар Тілеубердінің шақыртуымен келе жатыр. Сапар барысында  Ұлыбритания СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен және басқа да министрлермен кездесуі жоспарланған. 

Айта кетсек, қос саясаткер Лондонда 6 желтоқсанда Қазақстан-Британия стратегиялық диалогы кезінде кездекен.

"Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым, соңғысы да болар қоймас деп үміттенемін. Мен осында келгеніме шын жүректен қуаныштымын. Сондай-ақ қысқа сапарым жексенбі күні өтетін маңызды Мәжіліс сайлауының алдында тұспа-тұс келгеніне ризамын", - дейді Джеймс Клеверли жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.

Ол кейінгі 31 жыл ішіндегі екі ел арасындағы қарым-қатынастың сауда және инвестиция, қаржы және құқық, білім мен мәдениет, сондай-ақ қауіпсіздік саласында – бітімгершілік бойынша ынтымақтастық сияқты негізгі тұғырларын нығайта отырып, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі қарай дамытуды жалғастыру жайын талқылауға ниетті екенін де жеткізеді. 

Ұлыбритания
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады