Алматы облыстық ҚХА жаңа медиа жобаны іске қосты

Сурет: pixabay
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Bonds of Friendship» атты жаңа медиа жобаны іске қосты.

Бұл туралы облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Жандар Асан Facebook парақшасында хабарлады.

«Жобаның басты мақсаты – өңірдегі этносаралық қатынасты дамытуға ұйытқы болып, қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосып жүрген тұлғаларды дәріптеу», – деп жазды Жандар Асан.

Алдағы уақытта түрлі салаларда қажырлы қызмет атқарып, жұртшылық алғысына бөленіп жүрген жандардың азаматтық істері осы жоба шеңберінде кеңінен насихатталмақ.

Жандар Асанның айтуынша, бұдан бөлек, алдағы уақытта жоба аясында арнайы энциклопедиялық жинақ пен деректі фильмдер сериясы жарық көрмек.

Осы ретте айта кетейік, Алматы облысы – еліміздегі этнос өкілдері ең тығыз қоныстанған өңірлердің бірі. Бүгінде аймақта 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі және 36 этномәдени бірлестік қоғамдық келісімді сақтауға және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосуда.

Бұған дейін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен «Dialog» сарапшылар алаңы ашылған болатын. Аталған жобаның мақсаты – өңірдегі этносаралық қатынастарды дамыту, ішкі тұрақтылықты нығайту, ұлттар арасындағы мәдени, рухани және өзге де бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықтың артуына үлес қосу.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі