Ерлан Алдажұманов Қазақстан – Ресей шекарасы – әлемдегі құрлықтағы ең ұзын мемлекеттік шекара екенін айтты. Оның ұзындығы 7,5 мың км.
"Біз оны қалыпты форматта күзетеміз", – деді ол.
Жалпы, оның айтуынша, оны тұрақты түрде күшейтіп отыруға Шекара қызметінің штатындағы күш пен қаражат жетіспейді.
"Бізде күшейту керек басым бағыттар бар. Бұзушылықтар мен контрабандаға байланыты мемлекеттік шекарада болуы мүмкін проблемаларға келер болсақ, қазір қырғыз бағыты басты назарда. Сондықтан біз сол жақты күшейтеміз. Қандай да бір жағдай орын алса, бізде қажет бағытты жабатын резервтер бар. Негізінен, біздің мемлекеттік шекарамыздың кез келген бағытын жбатын резервтер бар", – деп түйіндеді ойын Қазақстан Шекара қызметінің басшысы.
Жалпы, ол келтірген дерек бойынша, жыл басынан бері Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлық бағыт бойынша 4,5 мың бұзушылық анықталды.
2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде "Халық кеесінің" үш мүшесінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталды.