Тоқаев: Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде біздің Қазақстанның ЕАЭО елдерімен бірлескен бірқатар жобаларға қатысуға дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің жағрафиясы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын", - деді Президент.

Оның айтуынша, бұл электромобильдер, магистральды локомотивтер, вагондар, ауылшаруашылық және жеңіл техникалар, құрылыс материалдары мен химиялық өнімдер шығаратын бірлескен кәсіпорындар болуы мүмкін.

"Сондай-ақ біз қара және түрлі-түсті металдар кен орындарын игеру, дайын өнімді одан ары қарай өңдеу және өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз",- деп сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткен болатын.

Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс