Тоқаевтың Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының видеосы жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарына видеошолу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бүгін, 9 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.

Мемлекет басшысы бірінші кезекте Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады.

Президент ЖЭО жағдайымен танысқан соң жергілікті тұрғындармен әңгімелесті

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері қойылған көрмені аралады. Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.

Сондай-ақ Президентке Poly Metal International plc халықаралық компаниясы қолға алған ірі жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Бұл сапары аясында Тоқаев құрылыс материалдарын шығарумен және түрлі мақсатта қолданылатын нысандар салумен айналысатын "ZENITH" зауытына барды.

Одан әрі тұрғындарға офтальмологиялық қызметтер көрсететін клиникаға, Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің негізінде құрылған аймақтық IT-Hub-қа  ат басын тіреді.

Өңірдің креативті жастарымен кездесуінде Мемлекет басшысына баланың ақыл-ой қабілетін дамытатын Ibars-kids мобильдік ойыны таныстырылды.

Павлодар Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: