Астанада 2027 жылға дейін 65 мектеп пайдалануға беріледі

Сурет: Zakon.kz
Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін биылдың өзінде елордада 11 мектептің, соның ішінде Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 13 600 орындық 10 мектептің құрылысы басталды.

2023-2026 жылдар аралығында екі ауысымда оқытатын барлығы 177 мың орынға арналған 65 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұған дейін оқу-ағарту министрі елордадағы бірқатар мектептерді, соның ішінде үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын жеке өзі тексерген еді. 


"Өскелең ұрпақтың қауіпсіз және жайлы ортада жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Министрлік өз тарапынан негізгі мәселелерді шешу барысында Астана әкімдігіне қолдау көрсетуге дайын. Білім беру инфрақұрылымын дамытумен қатар жоғары білікті кадрларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеміз", – деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады. Әсіресе, сапалы білім беру қызметінің қолжетімділігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, үш ауысымда оқытатын мектептерді жою, қалада жаңа білім ошақтарын салу, жақын қашықтықта балабақшалар желісін кеңейту және педагог кадрларын даярлау мәселелері қаралды.

Елордада барлығы 171 мектеп бар, онда 260 мыңнан астам бала оқиды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды