Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растады – елші

Сурет: Facebook/Alym Baiel
Әзербайжандағы Қазақстан елшісі Әлім Байел Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол қалыптасқан жағдай жуық арада реттеледі деп үміт білдіреді.

"Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайды. Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптаймыз. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз".Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел


19 қыркүйекте Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция басталғанын жариялады. 

Армения
Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды