Астананың Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Сурет: Астана ТЖД
ҚР ТЖ министрінің бұйрығымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков тағайындалды.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елордалық ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы өрт сөндіруші болудан бастап ҚР Төтенше жағдайлар вице-министріне дейінгі қызмет атқарды.

Бұған дейін елордалық ТЖД басшысы Қуанар Базарбаев атқарылған жұмыстар, оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерін қайта жаңарту, жаңа өрт сөндіру деполарын салу, қажетті техникамен және жабдықтармен жарақтандыру туралы баяндады. Сонымен қатар ол Астанада Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейтінін атап өтті.

Министр елордалық гарнизонның жаңа бастығын құттықтап, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау бағытын ерекше атап өтіп, қызметті жетілдіру бойынша міндеттер қойды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті