Ұлттық құрылтайдың төртіншісі отырысы Көкшетауда өтетін болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда келесі Ұлттық құрылтайдың қай жерде өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үшінші Ұлттық құрылтай аяқталды. Президент екі сағатқа жуық сөйлеген сөзінде Қазақстан өмірінің көптеген аспектісіне тоқталды.

Бірінші кезекте ол аталған іс-шараны неге Атырауда өткізу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

Тоқаев қоғамның көптеген мәселесі мен маңызды саяси өзгерістері туралы айтты. Оның ішінде дін, есірткі қылмыстарына қарсы күрес, жастар арасындағы лудомания деңгейін азайту, елімізде вейпке тыйым салу жайы да қамтылды.

Сөз соңында Президент, шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор екенін , сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін беретіндігімізді әрі осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын баса атап өтті.


"Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: