Қазақстан енді түркі елдеріне көбірек жүк жібере алады

Сурет: freepik
Мәжіліс депутаттары 29 мамырда өткен пленарлық отырыста Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті келісімге 2022 жылғы 11 қарашада Самарқандтағы түркі мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) мүшелері қол қойды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл келісім көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, Халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасында жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 35 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 20%- ға артық. Келісімді қабылдау Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту үшін алғышарттар жасайды, бұл елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға оң әсер етеді", – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, келісім аясында ТМҰ елдері арасында тасымалдауды дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрылады.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттерінің ұйымына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.

Түркия
Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді