Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді - спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды

Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.

"Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз." Берік Уәли

Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.

11 тамызда Парижде ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.

Алтын медальді ел қазынасына 60 келі салмақта сынға түскен қазақ дзюдошысы Елдос Сметов әкелді.

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) күміс жүлдені иеленді.

Атқыштар Ислам Сәтбаев пен Александра Ле (аралас командалық атудан), дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және боксшы Назым Қызайбай (50 келі) Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды