Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

Сурет: Ақорда
2024 жылы 11 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.

Сурет: Ақорда

Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады

Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды. 

Қазақстан
Түркия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды