Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: kazenergy.com
KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға Қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY Төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.


"Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ ҚР Энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, Болат Оралұлы біздің Қауымдастықты екі рет Бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады.

Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиевке еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті