Тоқаев Болгария президентін елорда әуежайынан шығарып салды

Сурет: Ақорда
2025 жылы 9 маусымда кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлап, Болгария президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салу сәтінің суреттерімен де бөлісті.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

2025 жылғы 9 маусымда Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радевтің келіссөздері аяқталғаннан кейін қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария президенті Румен Радев баспасөзге бірлескен мәлімдеме жасады. Тоқаев Румен Радевке Астанаға ресми сапармен келуге шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы "Қазақстан – Болгария" бизнес-форумына да қатысты. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Болгария" бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды