Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Фото: akorda.kz
2025 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.

15 желтоқсанда Чилиде президент сайлауын ультраконсерватор жеңіп алды. Жеңіске Республикалық партияның өкілі Хосе Антонио Каст жетті. Ол екінші турда дауыстың 58,30%-ын жинады.

Касттың негізгі қарсыласы, бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, коммунистік партия мүшесі Жанетт Хара сайлаушылардың 41,70%-ының қолдауына ие болды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді: тағамдар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев