Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Елнұр Бейсенбаев - 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Білімі — саясаттану бакалавры және саясаттану магистрі.
Еңбек жолы:
2006–2008 жылдары — "Болашақ" республикалық қозғалысының белсендісі, волонтер, жастар қанатының жетекшісі;
2006–2010 жылдары — "Болашақ" республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, "Жастар Үні" журналы бас редакторының орынбасары;
2010–2012 жылдары — "Жастар Үні" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2012–2015 жылдары — №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі;
2012–2015 жылдары — ҚНПК Алматы қалалық филиалының хатшысы;
2015–2016 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында бөлім басшысы;
2016–2017 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;
2017–2019 жылдары — "Qadam PRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2019–2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі;
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы қаңтарға дейін — "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы;
2023 жылғы қаңтардан бастап — "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы.