Конституция күні жаңа заң қабылданған жағдайда өзгертілуі мүмкін

Фото: Zakon.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2026 жылғы 19 ақпанда палатаның кулуарында жаңа Конституция қабылданған жағдайда Қазақстандағы мерекелер күнтізбесі өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әшімбаев атап өткендей, Негізгі заң қабылданған күн – Конституция күні болып белгіленеді.


"Азаматтар дауыс беруге құқылы, ешкім шектеу қоймайды. Сондықтан референдум өткізіледі – халықтың пікірін білу үшін. Қалай шешсе, солай тиісті шешім қабылданады. Егер халық қолдаса, жаңа Конституция қабылданады да, Конституция күні 15 наурыз деп белгіленеді", – деді Маулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат спикері Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімдері туралы да пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы