Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуде

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 19 ақпанда Сенат депутаттары палатада өткен пленарлық отырыста Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы заңды ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құжатқа қоса берілген қорытындыда заңның мақсаты 2024 жылғы 12 қарашада Бакуде қол қойылған Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау екені көрсетілген.

"Келісім Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің жаһандық климат өзгерістеріне қарсы тиімді күресу мақсатында күш-жігерін біріктіруін, Қазақстан аумағында жаңартылатын энергетика мен тұрақты даму жобаларын ынталандыруды, құруды және жүзеге асыруды көздейді. Келісімнің нормалары бойынша тараптар құқықтық және заңнамалық база ашықтығын қамтамасыз етеді, ірі жобаларды әзірлеуге, құруға, іске асыруға және пайдалуға ықпал етеді. Бұл ірі жобаларды жүзеге асыру тәртібі, негізгі шарттары және процедуралық мәселелері келісімде анықталған. Келісім шеңберінде жел және күн электр станцияларын салу қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыру Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарын қамтитын болады. Әрбір ірі жоба энергия өндіру және жинақтау үшін кешенді инфрақұрылым құруды көздейді", – делінген қорытындыда.

Сонымен қатар, ірі жобалар бойынша электр энергиясын сатып алу келісімінің мерзімі 25 жылды құрайтындығы айтылған. Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын ірі жобалар келесі шарттарға сәйкес болуы тиіс:

"Ірі жобалардың техникалық, экономикалық және қаржылық ерекшеліктерін ескере отырып, келісімде электр энергиясын кепілдендірілген сатып алу, Қазақстан заңнамасына сәйкес электр энергиясы балансын қамтамасыз ету, валюта бағасын қалыптастыру және есеп айырысу мәселелері бойынша процедуралық мәселелер қарастырылған. Осы жобаларды жүзеге асыру энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, "жасыл" технологияларды енгізуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға септігін тигізеді", – делінген құжатта.

Бұған дейін Конституция күні жаңа заң қабылданған жағдайда өзгертілуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды