Геосаяси жағдайға байланысты 10 елде референдум учаскелері жұмыс істемейді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 наурызда өткен брифингте Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев геосаяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты референдумға арналған кейбір сайлау учаскелері жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

"Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмен болуына байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысы тоқтатылады. Олар – Қазақстанның Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктері жанындағы учаскелер, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы жанындағы учаске", – деді Ерлан Жетібаев.

Осылайша, референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Шетелде дауыс беруге тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 14 230 адамды құрайды. Сонымен қатар референдумға 336 халықаралық бақылаушының қатысуы жоспарланып отыр.

БАЭ
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды