Қасым-Жомарт Тоқаев Ретно Марсудиді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады.

Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін су орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс саналатынын атап өтті.

Президент саладағы халықаралық ынтымақтастықтың анағұрлым тиімді архитектурасын қалыптастырудың маңызы ерекше екеніне назар аударды.

Осы орайда Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, су проблематикасына қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейту және орнықты шешімдерді ілгерілету жөніндегі жаһандық күш-жігерге тың серпін береді.

Алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру параметрлері мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар биыл желтоқсан айында Абу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі БҰҰ конференциясы саладағы түйткілдерді шешудің өзара келісілген тәсілдерін әзірлейтін алаң рөлін атқаратыны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ретно Марсуди Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?