"Тартысты ойын күтеміз!". Президент "Болашақ ойындары – 2026" сайысын ашық деп жариялады

Сурет: Ақорда
"Болашақ ойындарында" спорттың күш-қуаты, ақыл-ой мен цифрлық дәуірдің орасан әлеуеті үйлесім тауып, баршамызға ортақ жасампаздық ұстанымымен толық үндеседі. Бұл турнир кереғар дүниелерді бір арнаға тоғыстырады". Осылай деген президент "Болашақ ойындары – 2026" сайысын ашық деп жариялады.

Бұл туралы 2026 жылы 29 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Оның негізінде шынайы және виртуалды әлем арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдік жатыр. Бүгін осы аренаға негізінен жастар жиналып отыр. Сіздер білімді, талантты, еңбекқор, талапты болсаңыздар, болашақтың іргетасы бекемделе түсетіні анық. Алда өздеріңізді биік белестерге бастайтын соқтықпалы-соқпақсыз жол күтіп тұр. Ой-пікірі ортақ, мүддесі бір, сенімді серіктер жандарыңыздан табылғанда ғана бұл жолды еңсеру оңай болмақ. Ойынға қатысушылардың әрқайсысы тыңғылықты дайындықтан өтті. Олар өз командаларының намысын абыроймен қорғауға әзір. Сіздер "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шығып, жаңа достар тауып, келешегі зор жобаларды бірлесе қолға аласыздар деп сенемін. Себебі, "Болашақ ойындарының" басты миссиясы – адамдарды жаңа жетістіктер жолында жұмылдыру және жігерлендіру. Үлкен спорт қай кезде де әртүрлі мәдениеттерді тоғыстырып, мемлекеттер мен халықтар арасын жақындатуға себепкер болған. Сондықтан жаһандық сын-қатерлер өршіп тұрған жағдайда осындай бірегей жобалардың мән-маңызы арта түсетіні анық. "Болашақ ойындары" елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың, достық пен келісімнің "алтын көпіріне" айналады деп сенемін". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Сөз соңында президент осы тамаша спорт мерекесін өткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.

"Ұйымдастырушыларға, серіктестерге, төрешілер мен бапкерлерге, тиісті мамандарға және еріктілерге алғыс айтамын. Бұл ойындар халықтарымыздың тамыры терең достығын бекемдейді, береке-бірлігін арттыра түседі деп сенемін. Спортшыларға сәттілік тілеймін! Біз сіздерден тартысты ойын күтеміз. Ендеше, "Болашақ ойындары – 2026" сайысын ашық деп жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" сайысының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, турнирге келіп, білдірген ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы – Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығын білдірген болатын. Сондай-ақ президент өз сөзінде Қазақстан Парламенті Цифрлық кодекс және Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылдағанын да айтқан болатын.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды