Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары – 2026" сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 29 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Ең алдымен, бәріңізге елордамыз – Астанаға шын жүрегіммен қош келдіңіздер деймін! Бүгін біз "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара. Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл – зор мәртебе". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ президент жаңа ғана Ресей президенті Қазақстанға және барша спортшыларға арнайы құттықтауын жолдағанын айтып, ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы – Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығын білдірді.
"Бүгінгі салтанатты рәсімге Тәжікстан президенті Эмомали Шарипович Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Нургожоевич Жапаров қатысып отыр. Бауырлас елдердің басшыларына және ресми делегация жетекшілеріне алғыс айтамын. Баршаңызға мәлім, "Болашақ ойындары" – Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы президент Владимир Путиннің арқасы деуге толық негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды. Бірінші дода Қазан қаласында өтіп, содан кейін Абу-Дабиде жалғасын тапты". Мемлекет басшысы
Президент бүгін бәріміз Ұлы дала төсінде бас қосып отырғандарын еске салды.
"Елордамызға 30-дан астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді. Астанадағы "Болашақ ойындары" классикалық спорт пен кибериндустрияны тоғыстырған жаһандық фиджитал-қозғалысқа тың серпін береді деп сенемін", - деді президент.
Бұған дейін Астанада "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирі жалауын көтерген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript