Құрылтай сайлауы: шетелдегі сайлау учаскелері ашылып жатыр

Сурет: ҚР СІМ
23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау үшін шетелдегі сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, дауыс беруді алғашқылардың бірі болып бастады. Одан кейін Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.

Сурет: ҚР СІМ

Кейіннен Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы сайлау учаскелері де кезекпен ашылып, дауыс беру басталды.

Ал Құрылтай сайлауында алғаш болып дауыс берген Қазақстан азаматы – Сеулдегі Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.

Қазақстан
Құрылтай
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр