Автобөлшектер, дрондар және аурухана: Тоқаевқа Кореяның Қазақстандағы ірі инвестициялық жобалары таныстырылды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Корея Республикасының экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен инвестициялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, ұсынылған бастамалардың қатарында Алматыда отандық автомобиль зауыттарына арналған бөлшектер өндірісін жергіліктендіру жобалары бар. Атап айтқанда, дыбыс бәсеңдеткіштер, орындық қаптамалары, сымдар жиынтығы, еден жабындары мен доңғалақ дискілерін шығару жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысына Қостанайда KIA компаниясының есік панельдерін, орталық консольдерді, орындықтарды, төбе және еден қаптамаларын, бамперлер мен басқа да автомобиль бөлшектерін шығаратын жергіліктендіру орталығын құру жөнінде де баяндалды", – деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар медициналық ультрадыбыстық диагностикалық жүйелер мен дрондар шығару жобалары таныстырылды. Бұдан бөлек, Алматыда кореялық басқару үлгісі мен заманауи медициналық технологиялар қолданылатын көпсалалы аурухана салу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен 2026 жылғы 14 қыркүйекке қараған түні мемлекеттік сапармен Сеулге барды. Кейін Мемлекет басшысы Кореяның бірқатар көрнекті қайраткерін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

15 қыркүйекте Президент Hanwha Group компаниясының вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Сондай-ақ Lotte компаниясының Алматы мен Alatau City қалаларында қонақүйлер салатыны белгілі болды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады