Чо Чжон Шик Қазақстанды Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі деп атады

Сурет: akorda.kz
Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шик Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат білдіріп, Ұлттық Ассамблеяға арнайы келгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Мемлекет басшысын Қазақстандағы конституциялық реформаның жүзеге асырылуымен және парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

"Бұл – Қазақстан халқының Сізге Президент ретінде артқан сенімі жоғары екенін көрсетеді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Корея түрлі саладағы ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтты. Сондықтан осы сапарыңыз аясында екі елдің қарым-қатынасы болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын", – деді Чо Чжон Шик.

Ұлттық Ассамблея спикері Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ықпалдастығын арттыру маңызды.

Сонымен қатар Чо Чжон Шик екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар мен өзара сапарлардың қарқынына оң бағасын берді.


"Қазақстан мен Корея өзара тиімді ынтымақтастық пен ортақ игілік жолында алға қарай ілгерілей береді. Кореяның Ұлттық Ассамблеясы бұған барынша белсенді қолдау көрсетеді. Сонымен қатар келесі жылдың көктемінде Қазақстанда Орталық Азия мен Корея Республикасы парламенттері төрағаларының төртінші кездесуі өтеді. Аталған жиынға қатысуды жоспарлап отырмын. Сол кезде Сізбен Қазақстанда жүздесеміз деп үміттенемін", – деді спикер.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайта беретініне сенім білдірді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі