Тоқаев Орталық Азияға арналған AI Talent бағдарламасын іске қосуды ұсынды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" саммитінде сутегі энергетикасы, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстанның Кореядағы сутегі энергетикасын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Қазір осы бағытта бірқатар бірлескен жоба пысықталып жатыр. Соның бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы "Жасыл энергетика кешені".

"Таза сутегін өндіруге және қолдануға қатысты пилоттық жобаларды іске асыру қажет деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көмірдің Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы сақталатынын айтты. Елімізде 33 млрд тоннаға жуық көмір қоры бар. Ал көмірден өндірілетін қуат Қазақстандағы электр энергиясының 60%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты Қазақстан "таза көмір" технологияларын енгізуге басымдық береді.

"Корея бизнесін, әсіресе Doosan, KEPCO E&C және Midland Power компанияларын көмір генерациясын жаңғырту жобаларын бірлесе жүзеге асыруға, сондай-ақ ауаға таралатын зиянды заттарды реттеу технологияларын енгізуге шақырамын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше мән берді. Ол Корея Республикасын жаһандық технологиялық бәсекенің көшбасшыларының бірі деп атады.

Президент Қазақстанның да цифрлық трансформацияға белсенді кіріскенін атап өтті. Астанада Alem.ai халықаралық орталығы ашылып, суперкомпьютерлер іске қосылды және жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған университет жұмысын бастады.

Қазір Кореямен бірқатар бірлескен бастама жүзеге асырылып жатыр. Түркістанда Woosong университеті ашылса, Қызылордада SeoulTech университетімен бірлесіп Жасанды интеллект институты құрылды.

Мемлекет басшысы Алатау қаласында орналасатын KAIST – Корея озық технологиялар институтының филиалы екі ел серіктестігінің серпінді жобасына айналуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар биыл Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтымен бірлесіп құрылған AI SilkNet предиктивті аналитика және форсайт орталығы іске қосылады.


"Екі елдің ғылыми мекемелері, университеттері мен технологиялық компаниялары осы орталықтың айналасына бір мақсатқа топтасқаны жөн. Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының әлеуетін жұмылдыруға дайын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Орталық Азия мемлекеттеріне жасанды интеллект мамандарын даярлау үшін Кореямен серіктестік негізінде AI Talent өңірлік бағдарламасын іске қосуды ұсынды.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл экономикалық өсім мен ғылыми прогреске ықпал ететін жаңа технологиялық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ