Бір жылдың ішінде ұлт тағдырына ықпал ететін маңызды оқиғалар болды–президент

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында конституциялық реформадан кейін елде болған өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Конституцияны Әділетті, Озық, Таза Қазақстанның мызғымас арқауы деп атап, реформа нәтижесінде заң шығарушы орган – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өткенін айтты. Оның сөзінше, Құрылтайға халық қолдаған бес партия кірді.

"28 тамыз күні депутаттар өз жұмысына кірісті. Үкіметтің жаңартылған құрамы жасақталды. Вице-Президент тағайындалды. Жаңа мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Міне, бүгін Қазақстан Халық Кеңесі де өз қызметін бастап отыр", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістердің тарихи мәнін атап өтті.


"Түптеп келгенде, бір жылдың ішінде ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін аса маңызды оқиғалар болды. Біз аз ғана уақытта тұтас мемлекет пен бүкіл қоғамның сипатын өзгерткен аса ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады

Кезекті азайту үшін Алматы метросындағы турникеттер жаңартылып жатыр