Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды:
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Бұған дейін әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғаны хабарланған.