Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты іс-шара барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Астана әуежайында Иордания королін қарсы алғаны хабарланған. Сондай-ақ 6 қарашада елордада Ақаба процесі саммиті өтетінін жазғанбыз.