Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды.
Сурет: Ақорда
Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.
Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.
Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.
Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгін кешке елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов та келіп жетті.