Джеки Чан Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанымен алып өтті

Сурет: Twitter/Beijing2022
Бүгін атақты қытайлық актер Джеки Чан XXIV қысқы Олимпиада ойындарындағы алау эстафетасына қатысып, оны Ұлы Қытай қорғанының бойымен алып жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz

68 жастағы актер эстафетаның отызыншы алаушысы болды. Ол Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанының ең көп келетін Бадалинг бөлігінде алып жүрді.

Джеки Чанның айтуынша, екінші рет алау ұстаушы атану ол үшін үлкен мәртебе.

Мен таңғы төртте тұрдым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Мен өте қуаныштымын! Сондай-ақ қатты тоңып тұрмын!Джеки Чан

Ол Ұлы Қытай қорғанындағы 10 градустық суыққа қарамастан, эстафетаға қатысушыларды қарсы алған спортшылардың, журналистердің, еріктілердің қуанышты жүздерін көргенде жүрегі жадырайтынын атап өтті.

Сәрсенбі күні Бейжіңде Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Оның бағыты 12 негізгі нүктеден тұрады. Маршрут барлық үш олимпиадалық кластер – Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу арқылы өтеді және үш күнге созылады. 4 ақпан күні кешке алау XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына арналған Бейжің Олимпиадалық саябағына жеткізіледі.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды