Қазақстанда Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс өтеді

Сурет: olympic.kz
Қазақстанда жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Халықаралық турнир 12 ақпан күні Өскеменде жеңіл атлетика манежінде ұйымдастырылады. Аталған дода Қазақстан құрамасы үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болмақ.

Халықаралық бәсеке жабық кешенде өтеді.

Еске салсақ, Ольга Рыпакова 2012 жылы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада алтын медаль жеңіп алған еді. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы