Недовесов пен Құламбаева ATP және ITF Women жұптық турнирлерінің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисшілері Александр Недовесов пен Жібек Құламбаева Ұлыбритания мен Италияда өтетін халықаралық жарыстарда чемпиондар титулына таласып, бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге Ұлыбританияда Сурбитон челленджер жарысының жартылай финалында үндістандық Дивиж Шаран мен жаңазеландиялық Артем Ситакты 7:5, 6:3 есебімен ұтып кетті.

Финалдағы қарсыластар екінші жартылай финал аяқталғаннан кейін сәл кейінірек анықталады.

Сурет: ktf.kz

Құламбаева жұптық сында латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге Италияның Брешия қаласындағы ITF W60 жарысында сәтті өнер көрсетті. Жібек пен Диана үш сетте А. Присакария (Румыния) мен Росателлоны (Италия) 6:2, 6:1 есебімен ұтып кетті.

Ұлыбритания
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған