Хабиб Нурмагомедов Ақтауға ұшып келді

Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov
Ақтауға ресейлік файтер және жеңіл салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұшып келді. Мұнда Naiza – Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау әуежайынан танымал спортшыны күтіп алған сәттің видеосын Lada.kz жариялады. Видеода әйгілі спортшының ұшақтан баспалдақпен түсіп келе жатқанын көруге болады. Басылымның мәліметінше, ұшақ Мәскеуден ұшып жеткен.

Бұған дейін Ақтау қаласына Хабиб Нурмагомедовтың үлкен ағасы-Магомед келген болатын. Хабиб Нурмагомедовтың өзі де видео үндеу жолдап, өзінің Ақтауға келіп жеткенін хабарлады.

Халықаралық турнир аясында 11-15 шілде аралығында Ақтау жағалауында Naiza – Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтті. Мұнда ашық жаттығулар, чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен мотивациялық кездесулер, танымал спортшылардың шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Олардың арасында UFC файтері, Dar Team командасының мүшесі – Шавкат Рахмонов, Dar Team жаттықтырушылары – Азиз Разыев және Эдуард Базров та бар.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды