Головкин өз командасына алғысын білдірді

Сурет: zakon.kz
Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Қазақстан уақытымен 18 қыркүйекте өтті. Мексикалықтан жеңілген GGG командасына алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Головкин өз командасына және әрқашан оның жанынан табылатындарға барлық атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Өз командама атқарылған жұмыстар үшін және қашанда жанымнан табылып, қолдау білдірген жанкүйерлеріме алғыс айтамын, - деп жазды Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасына.

Спортшы парақшасында командасымен түскен фотосын бөлісті.

18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтті. Кездесу бірауыздан қабылданған шешіммен Канелоның пайдасына аяқталды. Осылайша мексикалық супер орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және WBO әлем чемпиондық титулдарын қорғады.

Головкин-Канело трилогиясының бірінші жекпе-жегінде тартысты тең нәтиже тіркелсе, екінші жекпе-жекте төрешілер көпшіліктің шешімімен жеңісті мексикалыққа берген еді

АҚШ
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент