Футболдан Аргентинаны ұтып, сенсация жасаған Сауд Арабиясында демалыс күні жарияланды

Сурет: fifa.com
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентинаны (1:2) жеңіп кетіп, Сауд Арабиясының командасы сенсация жасады. Осының құрметіне ел билеушісі 23 қарашаны демалыс күні деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауд ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әмірші Салман ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд ертең, 23 қарашада мемлекеттік және экономиканың жеке секторындағы барлық қызметкерлер демалыс алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, елдегі барлық студенттер мен оқушылар да демалады.

Айта кетсек, Сауд Арабиясы құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы фавориттердің бірін сенсациялық түрде жеңіп кетті. Аргентина құрамасы сапында атақты футболшы Лионель Месси өнер көрсетіп жатқанын еске сала кетелік.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған