АЧ-2023: Бокстан Қазақстан чемпионы шаршы алаңда қарсыласын 1 минутта нокдаунға жіберді

Сурет: pixabay
Қазақстанның бокстан чемпионы Ерасыл Жақыпбеков Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында қырғыз спортшысымен қолғап түйістіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жақыпбеков қырғызстандық боксшы Бекбол Мұсабековпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Бірінші раундта Мұратбековтың көзінің алды жырылып кетіп, оның ойынды жалғастыру мүмкіндігі шектелді. Төреші бұл жайтты нокдаун деп тіркеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Ерасыл Жақыпбеков жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальдан үмітті болды. Жартылай финалда ол осы турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек дүйсенбі, 23 қаңтарда өтеді. Ерасыл Жақыпбеков өткен желтоқсан айында ғана Қазақстан чемпионы атаған жеңіп алған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды