Халықаралық турнирде Бибісара Асаубаева танымал шахматшы Сергей Карякинді жеңді

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнирде блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте басты фаворит Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Сергей Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. 

Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, тиімділігі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

"Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым, - деді Карякин ойыннан кейін.

Бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар. 

Шахматтың блиц түрінен жарыс 28 және 30 қаңтар күндері өтеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент