Қазақстандық каратэшілер Каирдегі Премьер-лигада бір алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алды

Сурет: kazsports.kz
Мысыр астанасы Каирде WKF каратэден 1-Premier League-ның биылғы алғашқы бәсекесі аяқталып, төрт бірдей жерлесіміз жүлделі орындарға ие болды. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Екі күнге созылған турнирдің кумите бағдарламасында 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай финалда жарыс қожайыны, мысырлық Мұхамед Габерді 3-1 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осыған дейін Премьер-лиганың 2 дүркін жеңімпазы атанған Қайсар кеше жартылай финалда әзірбайжандық Аминага Гулиевті 6-2 ұпаймен жеңген еді.

Ал әйелдер арасындағы кумитенің +68 кг салмағында бас жүлдені Токио Олимпиадасының қатысушысы, отандасымыз Софья Берульцева мен жапон Аюми Уэкуса сарапқа салды. Тартысты өткен жекпе-жектің соңында Аюми жеңісті жұлып әкетті. Есеп: 7-1. 

Айта кетейік, кеше Софья жартылай финалда әлем чемпионы испан Мария Торресті 6-1 есебімен тізе бүктірген еді.

Сондай-ақ кеше Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Бейбарыс Жаңбыр (-75 кг) қола жүлдеге ие болған еді.



Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент